Қатаркөл ауылы, Досов атындағы орта
мектебінде тұңғыш Президент күніне арналған рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде қарашаның отызы күні мектептің
мәжіліс залында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты: оқушыларға
Президенттің елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын
сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мерекелік
іс-шара еліміздің ән ұранымен басталып, Перзидентіміздің балалық
шағы, отбасы, қызмет жолы, лауазымдары мен мансаптары, жазған еңбектері,
дәйек сөздері, Н.Ә.Назарбаев атына ашылған оқу орындары жөнінде мәліметтер
айтылып, оқушылар Елбасымыз туралы білімдерін кеңейтті. Президентіміздің
сөйлеген сөзінен үзінділер тыңдалып, түрлі слайдтар көрсетілді. Елбасының
балалық шағына саяхат жасалып бейнероликтер көрсетілді. Кешке әр сынып өз өнерлерімен ортаға шықты. Әр өнерпаз
бір-бірінен асып түсті. Жаңа педагогикалық
технологияның әдіс-тәсілдері қолданылды. Өнерпаздардың патриоттық ән мен
жырларынан кешке келген қонақтар мен ата-аналар тамсанып билей түсті. Мерекелік
іс-шараның соңы мектептің белсенді патриоттарын марапаттаумен аяқталды.Сөз
соңында еліміздің патриоттарын тәрбиелеу әр адамның өзінен басталмақ демекпін!
Ұлт жанды, патриот болайық ағайын!
Қатарқөл ауылы
Досов орта мектебінің
директорының тәрбие ісі-жөніндегі
орынбасары
Байманова П.М