Текст
2021 жылғы 17 тамызда педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі шеңберінде " Заманауи білім беруде оқушылардың ашық сана-сезімінің қағидаларын қалыптастыру" тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі педагогтердің секциясы отырысы өткізілді. Секция жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты. Қатысушылардың басты саны 604 адам. Біздің мектептен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байманова Перизат Мейрамбекқызы "Заманауи мектепте рухани-адамгершілік тәрбиені жетілдіру" тақырыбында әріптестерімен өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!