Текст
Бүгін 16 қазан 2023ж ресурстық орталықтың ашылу сессиясы өтті, ол 2023 жылдың 20 қазанына дейін созылады. Ресурстық сыныптарға Баянбай а., Ақылбай а., Ұрымқай а. орта мектептерінің 8-9 сынып оқушылары кірді. Оқушыларды мектебіміздің жоғары сынып оқушыларының кеңесінен құралған "жанды дәліз" қарсы алды. Салтанатты шарадан кейін экскурсия болды. Оушыларда ұстаздармен және біздің мектепт оқушыларымен танысуға мүмкіндік болды. Сынып жетекшілері сынып сағатын өткізіп, алдағы аптаның жұмыс жоспарымен таныстырды. Педагог-психологтар «Үлкен психологиялық, командалық, нақты-виртуалды «Кездесу» ойынын» әзірледі, оның мақсаты – мектебіміздің оқушыларымен достық қарым-қатынас орнатуға көмектесу.