Еліміздің тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- тұғырым» іс- шарасы аясында желтоқсан айының он үші күні Қатаркөл ауылы, Досов орта мектебінде «Жас Ұлан», «Жас қыран» қоғамдық бірлестігіне қабылдау рәсімі өтті.
«Жас Ұлан» - бос уақытты тиімді үйлестіретін, рухани құндылықтарға дамытушы, әлеуметтендіруші орта, жарқын болашаққа бағдар беретін ұйым. Жас та, жалынды "Жас Ұлан" ұйымы осы уақыт аралығында әрбір жаңа жобаларға, әлеуметтік бастамаларға, оқушыларға ерекше назар аударып, ұйым жұмысын жоспарлы түрде жүргізуде. Бұл ұйым екі буыннан тұрады: «Жас қыран» ұйымы, бұл ұйымға 1-4 сынып аралығында, және «Жас Ұлан» ұйымы 5-11 сынып аралығындағы білімді, талантты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын оқушылардан сайланады.Биыл «Жас Ұлан» қатарына 15 оқушы, «Жас Қыран» қатарына 17 оқушы қабылданды. Барлық оқушыларға галстук тағылып, атн қабылданып, сөз салтанатты рәсімінің қадірлі қонағы аудан маслихат депутаты Жумабеков Константин Айтбайұлынаберілді.
Константин Айтбайұлы оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қосылуымен құттықтап, оқуда озат, бәсекеге қабілетті, еліміздің келешегі жарқын азамат болуларын тілге тиек етті. Салтанатты рәсім «Туған жерім» әнімен аяқталды.