«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Досова села Катарколь отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт!

07.10.2023

5 қазанда елімізде – Мұғалімдер күні мерекесі тойланады. Бұл мереке қоғамға, елге өзін арнайтын, балаларды тәрбиелеу мен оқытуға, оларды қазіргі қоғамдағы өмірге дайындауға күнделікті өзін арнайтын адамдарды біріктіреді. Бұл мамандықта кездейсоқ адамдар жоқ. Қарапайым ақиқат бұрыннан белгілі: мұғалімдер -  табиғи дарыны бар адамдар.

5 қазан күні таңертең мектеп оқушылары әрбір келген мұғалімді дауыстап, қол шапалақтап қарсы алды. Әдемі, мерекелік әуен шырқалды, бұл ерекше, жайлы және мерекелік атмосфераны құруға ықпал етті!

Дәстүрге айналған мектебімізде «День самоуправления» өтті. Бұл шараны дайындауға жоғары сынып оқушыларының кеңесі жауапты болды. Жоғары сынып оқушыларына оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және өздерін мұғалім рөлінде сынауға мүмкіндік болды. Барлық оқушылар өз міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындады. «Жаңа» ұстаздар біраз қиындықтарға тап болғанымен, өздерін абыройлы ұстады. Одан кейін олар мұғалім мамандығының өте қиын екенін, жауапты екенін түсініп, өз пікірлерін білдірді. Өз кезегінде мұғалімдер балалардың жұмыстарына өте риза болып, шыдамдылықтары мен түсіністіктері үшін алғыстарын білдірді!Соңында акт залында барлық ұстаздар қауымына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертті дайындау мен өткізуге тәрбие жұмысының меңгерушісі мен жоғары сынып оқушыларының кеңесі жауапты болды. Концерттік бағдарлама өте әсерлі болды. Ұстаздарға алғыс сөздер айтылды. Балалар ұстаздарын тақпақтармен, әсем әндермен, бейнеқұттықтаулармен құттықтады. Мұғалімдер көптеген жағымды эмоциялар мен үлкен ләззат алды. Осы атаулы күні көптеген ұстаздар мектеп атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.


 

 

 

Просмотров: 2324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст