«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Средняя школа имени Досова отдела образования Бурабайского района"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды

29.01.2026

Мектебімізде Көкшетау университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Университет мамандары үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, білім алу ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары және болашақта өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Оқушылар құтқарушы және өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы, жауапкершілігі және қоғам үшін аса қажетті мамандық екені жайлы білді.

Қонақтар университеттегі мамандықтар, материалдық-техникалық база, курсанттардың тәжірибеден өтуі және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы да айтып өтті. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Осындай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесіп, Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Мектеп ұжымы мазмұнды әрі пайдалы кездесу өткізгені үшін Көкшетау университетінің өкілдеріне алғыс білдіреді.

Просмотров: 1182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст