24.10.2025
Катаркөл ауылы Досов атындағы негізгі мектептің инклюзияны қолдау кабинетінде Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мектеп өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау болды.
Балалар дефектолог, логопед, психолог және емдік дене шынықтыру мамандарымен бірге өлеңдер оқып, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында викториналарға қатысып, әндер орындап, мемлекеттік рәміздер бейнеленген пазлдарды құрастырды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар белсенділік танытып, өз қабілеттерін көрсете алды.
Мереке соңында балаларға тәтті үстел ұйымдастырылды.