21.10.2025
2025 жылдың 2 қыркүйегінде Қатаркөл ауылының Досов атындағы
негізгі мектебінде инклюзивті білім беру кабинеті өз жұмысын
бастады. Кабинетте барлығы 15 бала білім алуда, олардың ішінде 4
бала мини-орталықтан, ал 3 бала үйде оқытылады.
Кабинет қажетті құрал-жабдықтармен, көрнекі және дидактикалық
материалдармен толық қамтамасыз етілген. Балалармен
дефектолог, логопед, психолог және емдік дене шынықтыру (ЛФК)
нұсқаушысы жұмыс істейді.Бұл кабинет – ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балалардың дамуына, әлеуметтенуіне және өз
мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайтын маңызды қадам болды