«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Досова села Катарколь отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстың 10 ауданында мұздарды жару жұмыстары басталады

04.03.2021

Төтенше жағдайлар департаменті облыстың 10 ауданында 20,75 мың м2   алаңда мұз қабатын әлсірету және мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстарын бастайды. 
Бүгінгі таңда көлдерде мұздарды жару жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған ұйымдарды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Жалпы, өңірде республикалық, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарда 4 032 су өткізгіштер мен 566 көпірлер бар. Олардың уақытылы тазаланбауы су тасқыны кезінде көлік инфрақұрылымына кері әсер етеді.  Сол себепті, жол қызметтері мен аудан әкімдіктері тазарту жұмыстарын қазірден бастамақшы.
Сондай-ақ, су тасқынында пайдалануға гидротехникалық жабдықтарды дайындау бойынша жоспарлы шаралар қабылдануда. Әсіресе, Астана, Селеті, Чаглинск су қоймаларының режимін реттеуге ерекше назар аударылуда. Барлық гидротехникалық құрылымдар бақылауда, қауіпті жерлерде бақылау посттары орнатылады. 
Облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, су тасқыны кезінде 477 адам қатысып, 88 бірлік техника, 12 жүзуге қажетті жабдықтар мен 103 мотопомпа жұмылдырылады. Бұдан бөлек, Астрахан, Аршалы, Атбасар және Целиноград аудандарына департаменттің қосымша топтарын жіберу жоспарланған.

Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст