«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Досова села Катарколь отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Декада казахского языка и литературы

31.01.2021

Досов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі ашылуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігінің салтанатты ашылуы.  6"Б"сынып оқушылар арасында сыныптан тыс жұмыс " Сөз жұмбақ " сайысы өткiзiлдi. Сайыстың жеңімпаздары: I- орын- Мельник Полина, II- орын- Мурзабекова Алина , III- орын- Казакова Аделина.  4 "А"сыныпта " Өлең - сөздің патшасы" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіш, адал болу қасиеттерін қалыптастыру. Сайыстың жеңімпаздары: I-орын-Касенова Амира, Скоп Виктор, Скоп Максим , II- орын- Солощенко Мария, Песоцкая Екатерина, Клиперт Эрнст. 2"Б" сыныпта қазақ тілі пәнінен " Сен күртеше киесiң бе? тақырыбы бойынша ашық сабақ өткiзiлдi. Пән мұғалімі : Бекбулатова Ж. К. Қазақ тілі мен  әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Маженова Сәуле Садвакасовна 6 "А" сынып оқушылар арасында " Нақыл сөздердің даналығы" атты онлайн- сайыс өткізді. 5 "А" сыныбында қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бекеева Назира Жайылғановна " Ас - адамның арқауы" атты ашық сабақ өткізді. 4"А" сыныбында " Мамандық түрлері" атты ашық сабақ өткізілді.Пән мұғалімі Кусаинова Сауле Амантаевна сабақ барысында " Сәйкестіру", " Джигсо", " Синквейн", " Бас бармақ" әдістерін кеңінен пайдаланды. 5 "А " сыныбы "Мен қазақ тілінде сөйлеймін" атты сыныптан тыс іс- шарасына белсене қатысып,  қазақ ұлттық киімдері,  тағамдары мен ата-бабамыздың тұрмыс - тіршілігімен танысты. Оқушылар ұлттық киімдерін киіп,  зергерлік әшекейлерді қалтаға тағып көрді. Балалар өздеріне көп пайдалы мәлімет алды. Оларға ұнады. Сабақ қызық өтті. 10 сынып оқушылары арасында " Қазақ тілі грамматикасына шолу" атты сайыс өткізілді.Оқушылармен теориялық, практикалық тапсырмалар орындалды.Сайыс барысында Валиева Райхан, Телешова Вероника, Власенко Ульяна, Яценко Диана пәнге деген қызығушылықтарын танытып, жақсы білімдерін көрсетті, пән мұғалімі: Рысбаева З.Б. Қазақ тілі мұғалімі Аханов Самат Сабидоллаұлы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігі аясында 5 "В" сыныбында "Ас—адамның арқауы" — атты ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында мұғалім заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде, оқушыларды ынталандырып,  жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст