Құрметті ата-ана! Назар аударыңыз!
Егер балаңыздың бойынан:
- себепсіз мінез-құлқының өзгеруін;
- сүйікті іс-әрекетінен бас тартуын және оған деген ынтасының жоғалуын;
- тұйықталуын, жиі оқшаулануын;
- әдеттегіден тыс көп ұйықтауын;
- әдеттегіден тыс ашуланшақтық болуын;
- абайсыз, қауіпті әрекеттерді жиі жасауын байқасаңыз, онда бұл балаңыздың бойында, назар аударуды талап ететін, эмоционалды қиындықтардың орын алуын көрсетуі мүмкін.
Ол үшін білікті мамандармен байланысып, психологиялық кеңестер алуға болады: www.covid-19.mentalcenter.kz/children-kaz, www.telefon150.kz және www.bfline.org.
Барлық онлайн кеңестер тегін.
