«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Досова села Катарколь отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

 

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сондай-ақ мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
жеткізушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

 Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

Сатып алу нөмірі:


 

Конкурстың атауы:


 

Лот №


 

Лоттың атауы
ҚҚС есебінсіз лот бойынша жалпы сома теңгемен (соманы көрсету)


 

Тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы техникалық тапсырмада «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет сәйкес келуі тиіс сапалық және сандық сипаттамалар жазылады.

 

Барлық тәрбиеленушілер мен білім алушылар: 414 оқушы +74 бала шағын орталығынан


 

оның ішінде:

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны: 6 оқушы- ата-анасының қамқорлығысыз қалған; мемлекеттік атаулы көмек алатындар- 18, 60 оқушы - өзге де санаттағы білім алушылар, 25 оқушы  - 1 сыныптан


 

Оның ішінде:


 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектептік тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар саны: 94 оқушы


 

басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету): 25 бала- 1-ші сынып оқушылары


 

Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен): 750 теңге

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектептік тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны: 750 теңге


 

басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету): 1-ші сынып оқушылар үшін 750 теңге


 

Мектеп жанындағы лагерь

Мектеп жанындағы лагерьдегі балалар саны: 60


 

оның ішінде, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны:


 

Оның ішінде:


 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектептік тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар саны:


 

басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету)-60


 

Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен) 1200 теңге

 ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектептік тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны; 500 теңге


 

басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету)


 

   

  «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушыларды тамақтық заттар мен энергияға жас ерекшеліктеріне сәйкес теңгерімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

      Білім алушыларды тамақтандыру асханада жүзеге асырылады.

      Қызметті жеткізуші ас блогының және оның персоналының жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясының, азық-түлік салудың, порциялардың шығу нормаларының сақталуын, білім алушыларға азық-түлік пен тағамдардың босатылуын және жеткізілетін өнімдердің сапасын бақылауды, оларды сақтау және өткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Қызметті жеткізуші ас блогында, өндірістік және қойма үй-жайларында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді. Ас блогындағы бейнебақылау

       E-асхананы енгізу

       Қала мектептерінде қызметті жеткізуші Шарт заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде ас әзірлейтін асхананың ас блогында бейнебақылау жүйесін орнатады және Тапсырыс берушіге объектіде орнатылған бейнебақылау жүйесімен бөлінген бейне сигнал (бейнекамералар) көзі бар нақты уақыт режимінде тағамдарды дайындау процесінің бейне ағындарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бейнебақылау жүйесі арқылы түсірілген материалдар білім беру ұйымында келесі 10 жұмыс күні ішінде сақталады. Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң аталған жабдық жеткізушінің меншігінде қалады.

       Қала мектептерінде қызметті жеткізуші Шарт заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орната отырып, білім алушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін енгізеді. Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң аталған жабдық жеткізушінің меншігінде қалады.

      Өнім беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымының дайын тағамның сапасын бақылау журналын жүргізуі үшін (бракераждық) жағдайлармен қамтамасыз етеді.

      Өнім беруші білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты мәліметтерді күн сайын немесе Тапсырыс берушінің талабы бойынша білім беру ұйымының сайтында орналастыру үшін (тағамның суреті бар ас мәзірі, атауы, бағасы) ұсынады.

      Өнім беруші тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар (бракераждық), тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар мүшелерінің ас блогына кіруін қамтамасыз етеді.

      Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

      Мектептегі тамақтанудың базалық ұйымынан «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды жеткізу жағдайында тиісті температураның сақталуын қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) пайдаланылады.

      Оқу процесі кезеңінде білім алушыларға ыстық тамақ: бірінші ауысым үшін 9.30-дан  11.00-ге дейін, екінші ауысым үшін 13.00-ден 15.00-ге дейін. Жазғы мектеп жанындағы лагерь қызметі кезінде таңғы ас _-_.; түскі ас _-_-де; түстенкейінгі ас _-_-де.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтану кестесі білім беру ұйымының басшысының м.а Мусин Серикбай Букунович бекіткен белгіленген тамақтану режиміне сәйкес белгіленеді.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін буфет өнімдерін сатуға жағдай жасалады.

      Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін өткізу 09.00- 18.00 сағатта жүзеге асырылады.      Өнім беруші ай сайын білім беру ұйымының басшысының м.а  Мусин Серикбай Букунович мынадай мәліметтер ұсынады:

      - білім алушылар үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы;

      - конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамының сәйкестігі туралы.

      Өнім беруші міндетті түрде шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бекітеді.

      Нақты тамақтану рационы перспективалық мәзірге сәйкес келуі тиіс. Бір азық-түлікті, тағамдарды және аспаздық өнімдерді басқасына ауыстыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ерекше жағдайларда жол беріледі.

      Оқушылардың жекелеген санаттары үшін (оқушылардың санаттарын көрсету) жеңіл (диеталық) тамақтану ұйымдастырылады.

      Қызметті жеткізуші дайын тағамдарды дайындау технологиясын сақтау және калориялығына сәйкес болу үшін ас блоктарында тағам дайындаудың бірыңғай картотекасының (технологиялық карталар) болуын қамтамасыз етеді.

       Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

      Асхананың ас блогында тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

      Ас блогында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қажетті құжаттама (шикі өнімдердің, дайын тағамның бракераж  журналдарын, ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналын, тағамдарды витаминдеуді жүргізу журналын, ас мәзірін, дайындалатын тағамдардың технологиялық картасын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарды (жүкқұжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәліктері, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттары, ұсыныс-пікірлер кітабы және басқалар) атап көрсету) үнемі болуы тиіс.

      Өнім берушіде қызмет көрсету басталар алдында жұмыс істеуге рұқсаты бар ас блогының әрбір қызметкерінің медициналық кітапшалары болады.

      Өнім беруші қызмет көрсетуді бастамас бұрын өндірістік бақылау жоспарын бекітеді және тапсырыс берушіге (ұйымдастырушыға) тиісті растайтын құжаттармен қоса жоспардың көшірмесін ұсынады.

      Өнім беруші қолда бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жарамдылығын және уақытында мемлекеттік тексеруді (өлшеу құралдары үшін) қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тамақ өнімдерін жеткізуді ұйымдастырады.

      Білім беру ұйымында қажетті технологиялық, тоңазытқыш және санитарлық-техникалық жабдықтар мен мүкәммал болмаған жағдайда өнім беруші қызмет көрсету процесінде олардың болуын қамтамасыз етеді.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде отандық өндірістен кемінде 60% (алпыс пайыз) тамақ өнімдерін сатып алады.

      Бұл ретте, отандық өндірістің азық-түлік өнімдерін сатып алу фактісін растайтын құжат ретінде белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не уәкілетті ұйым куәландырған белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі ұсынылады (егер жеткізілетін тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не Уәкілетті ұйым куәландырған, ұсынылған көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі ұсынылады.

      Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарлар сәйкес келуі тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары, кепілдік мерзімі, шығу тегі жазылады.

      Тауарларға арналған техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалардың сипаты функционалдық шектерін, техникалық сипаттамалардың параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсаттары үшін тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.

      Сатып алынатын тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерден азық-түлік өнімдерінің кемінде 60% (алпыс пайыз) сатып алады.

      Бұл ретте, отандық өндірістің азық-түлік өнімдерін сатып алу фактісін растайтын құжат ретінде белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не Уәкілетті ұйым куәландырған белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі ұсынылады (егер жеткізілетін тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не Уәкілетті ұйым куәландырған, ұсынылған көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне белгіленген тәртіппен берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі ұсынылады.

     

 

 

 

 

       Ескерту.

      Орындаушыға әрбір сипаттамалар мен қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.

     

 Күні _________

     

 Мектеп директорының м.а:   ______________ С. Мусин

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 09:34
Құрылған күні: 11.02.2022 09:34

Текст